National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті

2018 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джордж Кролдың Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуда ерекше рөл атқаратынын айтып, бүгінгі кездесу Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

– 26 жыл ішінде біздің елдеріміз арасында өзара достық қарым-қатынас орнап, 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімге қол қойылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Д.Трамппен бірге стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарында, соның ішінде терроризмге қарсы күрес жүргізу, ядролық қаруды таратпау режімін нығайту саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту бағытында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын айтты.

– Қазақстанда Америка капиталының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді, солардың 140-тан астамы – бірлескен кәсіпорындар. Олар тауар өндіріп, өнімдерін басқа елдерге экспорттаумен айналысады, – деді Қазақстан Президенті.

Джордж Крол Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстан Президентінің алдағы сапары екі мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің