National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 03 мамыр

 

Жеделхатта Елбасы қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі, барша халқымыздың мақтанышы болған Ш.Қажығалиевтің дүние салуына байланысты көңіл айтты.

«Шамғон Сағаддинұлы халқымыздың арасынан шыққан алғашқы кәсіби дирижерлердің бірі, домбырашы, педагог ретінде өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Өзі басқарған Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрін әлемге танытып, талантты шәкірттердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол ұлттық бай мұрамыз бен классикалық шығармаларды насихаттауға аса зор еңбек сіңірді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев соңына мол мұра қалдырған Ш.Қажығалиевтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің