Жаңалықтар

28 қараша 2007
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Германияның Төтенше және Өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетерді және Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Ален Куанонды қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Германия және Франциямен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан тарапының мұндай қадамдары Берлин мен Парижден толық қолдау тауып отыр. Аталған мемлекеттер арасында ұдайы өтетін жоғары деңгейдегі үнқатысулар, мәселен, осы жылдың басындағы Президент Назарбаевтың Германияға сапары, және Қазақстан мен Франция басшыларының таяуда Нью-Йоркте өткен кездесуі соның айқын дәлелі болып саналады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар