National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

2015 жылғы 16 қыркүйек

 

Кездесу барысында Елбасы жылы қабылдауы үшін В.Путинге алғыс айтып,  Тәжікстанда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы аясындағы келіссөздердің табысты өткеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық форумының әлемдік экономикадағы турбуленттілік жағдайында екі мемлекет үшін мәні ерекше зор екенін атап өтті.  

Экспорттық тауарлар бағасының құлдырауы мен валюта нарықтарындағы тұрақсыздық салдарынан өзара сауданың бәсеңдеуі байқалуда. Дегенмен, бұл ретте біздің үкіметтеріміз туындаған мәселелерді шешу үшін шұғыл жұмыс жүргізіп жатыр деп есептеймін. Форум аясында бүгін сол мәселелердің маңыздыларын талқылауға мүмкіндігіміз бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

В.Путин Қазақстан мен Ресейдің өңірлері басшыларының кездесу форматының маңыздылығын атап өтті.

Бұл – осымен он екінші форум. Биыл біз ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін жиналдық. Сочидің Олимпиададан кейінгі өзгерістерін көзбен көру қазақстандық серіктестеріміздің көбісіне қызықты болар деп үміттенемін, – деді В.Путин.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің