Жаңалықтар

4 қараша 2005
Мемлекет басшысы Кентау қаласындағы №16 мектеп лицейінде болып, ұстаздар ұжымымен кездесті.

-Қазақстандықтарға лайықты білім мен тәрбие беру және осы мақсатта отандық білім жүйесін жан-жақты дамыту әрдайым мемлекеттің басты назарында бола бермек. Және де өздеріңізге белгілі, бұл білімге жұмсалатын шығын мөлшерін де үздіксіз өсіруде. Мәселен, былтырғы жылдың өзінде республикалық бюджеттің қаражатына салынған 50 жаңа мектеп  пайдалануға берілді, тағы да 65 мектептің құрылысы жүргізілуде. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттердің де қаражаттары бағытталуда. Айталық, қазіргі уақытта сіздердің облыстарыңызда жергілікті бюджеттің қаражатына 27 мектеп салынуда.

Жыл өткен сайын оқу орындарын оқу-әдістемелік жағынан және компьютермен қамтамасыз етілуін қаржыландыру көлемі арта түсуде. Мысалы, 2005-2007 жылдары мультимедиялық-лингафондық бөлмелердің жабдықтарын сатып алу үшін республикалық бюджеттен 10 миллирд теңге бөлінді.  

Менің Жолдауыма сәйкес ұстаздардың жалақысы өсті.  
Осы шаралардың барлығы білім сапасына игі әсер етуде, оны мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері де айғақтайды, - деді Президент өз сөзінде.  
Мемлекет басшысы қазақстандық жас ұрпаққа лайықты білім мен тәрбие берудегі ұстаздар қауымының айрықша рөлі мен жауапкершілігін, сондай-ақ мұғалім мамандығының беделін барынша көтеру қажеттігін атап өтті.

- Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызға сеніп тапсырылған, - деп атап көрсетті Президент.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар