Жаңалықтар

4 қараша 2005
Мемлекет басшысы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ аралап көрді және ондағы еңбек ұжымымен кездесті.
51.jpg

Бұл қуаттылығы мол трансформаторлар мен жинақы трансформаторлар қосалқы станциясын шығарумен айналысатын бірден-бір қазақстандық кәсіпорын. Бүгінде 500-ге жуық адам жұмыс істейтін зауыт мұнай-газ өнеркәсібіне, теміржолшыларға және басқа да салаларға қажетті екі жүзден астам түрлі өнімдерді шығарып, оны Қазақстанмен қатар жақын шетелдерге жеткізеді. Кәсіпорында сапа менеджментінің жүйесі енгізілген.

 
- 90-шы жылдардың басында көптеген шағын қалалар жұмыс орындарының қысқаруы, кәсіпорындарды қалпына келтіруге қабілетті инвесторлардың болмауы сынды үлкен қиыншылықтарды басынан өткергенін сіздер білесіздер. Бүгінде біздер осындай қиындықтарды жеңе білдік. Экономиканың өсуімен қатар бүкіл республика бойынша шағын қалалар қайта өрлеуде.

 

Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында шағын қалалардың тіршілігін қамтамасыз етуге негізделген нысандарды дамыту мақсатына былтырғы және биылғы жылдары республикалық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Шағын қалалар экономикасының нақты секторын несиелеу үшін 2005 жылы Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы республикалық бюджеттен 750 миллион теңге бөлінді.

 
Нәтижесінде бүгінгі таңда кәсіпорындар қайта түлеп қана қоймай, жаңа өндіріс ошақтары ашылуда. Кентаудың өнеркәсібі де серпінді дамуда, сіздердің кәсіпорындарыңызда өнім өндірісі өсті. Бұл үрдісті жалғастыра беру қажет. Шығарылған өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттыра беру керек, – деді Президент өз сөзінде. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар