Жаңалықтар

10 қараша 2005
Мемлекет басшысы Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті Чэнь Гэнді қабылдады.
112.jpg

ҚХР-ның бұрынғы мұнай өнеркәсібі министрлігінің негізінде құрылған CNPC әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының ондығының қатарында және Қазақстан мұнай-газ саласындағы негізгі инвесторлардың бірі болып табылады. Корпорация Маңғыстау облысындағы кен орындарын игеруге, «Кеңқияқ - Атырау», «Атасу-Алашонькоу» мұнай құбырларының құрылысына, «Қазақстан-Қытай» газ құбыры құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қатысты.

 
Кездесуде мұнай-газ саласындағы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы, атап айтқанда, Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры құрылысының аяқталуы және CNPC-нің «ПетроКазақстан» компаниясы акцияларының бақылау пакетін сатып алу мәселелері талқыланды.

 
- Біз Қазақстанда болған сегіз жыл ішінде компания қызметін ынтымақтастық пен біздің халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға бағыттадық. Біздер Қазақстан Үкіметімен және жергілікті компаниялармен ынтымақтастық нәтижесінде аз табыстарға қол жеткізген жоқпыз, - деді Чэнь Гэн журналистерге арналған брифингте.

 
Ол сондай-ақ «мұнай құбыры құрылысының аяқталуы және «ПетроҚазақстан» акцияларын сатып алу туралы шарт жасасу CNPC мен «ҚазМұнайГаз» ынтымақтастығын жаңа стратегиялық деңгейге жетелейді», - деп атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар