Жаңалықтар

22 ақпан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (АӨҚО) төрағасы Әркен Арыстановты қабылдады.

 

Ә.Арыстанов Президентті АӨҚО-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. 2006 жылы құрылған кезден бері Агенттік тарапынан ЕСЖ сауда жүйесі (Еуразиялық сауда жүйесі), рейтингілік агенттік пен АӨҚО академиясы, коммерциялық негіздегі Қазақстанның қор биржасы құрылып, Алматының өңірлік қаржы орталығы болуына бағытталған қажетті нормативтік-құқытық база қалыптасты.

- Президенттің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы біздің алдымызға қаржылық орталықты одан әрі жетілдіру және дамыту жөнінде жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Агенттік басшылығына қаржылық орталықтың қызметінің жаңа бағыттарын әзірлеу, сондай-ақ проблемаларды шешудің жолдарын айқындау туралы тапсырма берді, - деді журналистерге арналған брифингте Ә.Арыстанов.     


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар