Жаңалықтар

8 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі Абдулла II бен Хусейн бен Талалмен кездесті

114.jpg

115.jpg

Келіссөздер кезінде екіжақтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

 

Кездесу соңында Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімге және Астана мен Амман қалалары арасындағы бауырластық туралы келісімге қол қойылды.

 
- Арадағы жайлы саяси қатынастарға қарамастан, Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда айналымы бар-жоғы 40 миллион долларды құрайды. Қазақстанда Иордания туралы жеткілікті дәрежеде біле бермейді. Алайда біздің елдердің экономикалық ынтымақтастығы, әсіресе туризм саласындағы қатынастар маңызды мүмкіндіктерге ие, - деді Мемлекет басшысы журналистерге арналған брифингте.

 

Абдулла II бен Хусейн бен Талал Қазақстан Президентіне жылы шыраймен қабылдау көрсеткені үшін алғыс білдірді және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті.

 

Сондай-ақ Король Нұрсұлтан Назарбаевты Иорданияға сапармен келуге шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар