Жаңалықтар

10 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев америкалық «Мерил Линч Еуропа» инвестициялық компаниясының бас басқарушы директоры Эндрю Серджио Газитуаны қабылдады.

- Мен үшін сіздің елде болу үлкен мәртебе. Біз Қазақстанды алға қарай өте белсенді жылжып келе жатқан өңірдегі маңызды мемлекет ретінде қарастырамыз, - деді Эндрю Серджио Газитуа журналистерге арналған брифингте.

 
Сондай-ақ «Мерил Линч Еуропа» компаниясының бас басқарушы директоры Қазақстан соңғы жылдары айтарлықтай жақсаруларға қол жеткізгенін және оған көптеген инвесторлар қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

 
- Біздің компания да осы процеске белсене қатысқысы келеді. Біз капитал нарығын дамытуға ықпал ету үшін Қазақстан Үкіметімен де, жеке сектормен де қоян-қолтық жұмыс істеуге ниет білдіреміз, - деді ол.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар