Жаңалықтар

10 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдулла II бен Хусейнге Амманда болған лаңкестік оқиғалардың салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

- Бұл жан түршігерлік оқиға халықаралық лаңкестікке қарсы бірлескен күресті күшейтуге шақырады. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан жақындарынан айырылған барлық отбасыларға қатты қайғырып, көңіл айтамын, - делінген жеделхатта.

 

Сол күні кешке Мемлекет басшысы Абдалла ІІ бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, әңгіме барысында Қазақстанның Иордания халқына қолдау және көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар