Жаңалықтар

22 ақпан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты қарым-қатынастардың ауқымды мәселелері талқыланды. С.Лавров Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыруда іс жүзіндегі қадамдарды әзірлеу жөніндегі қазақстан-ресей келіссөздері туралы хабардар етті.

- Бұл келісімдер біздің екі жақты қарым-қатынастарымызға және біздің әртүрлі көптарапты құрылымдарға қатысуымызға қатысты. Біздің елдеріміз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, ЕурАзЭҚ-қа, АӨСШК-ке, өзге халықаралық құрылымдарға мүше болып табылады. Біз Беларусьпен бірлесе отырып, Кедендік Одақты қалыптастырудамыз. Осы барлық бағыттар бойынша біздің позициямыз бірдей, біз стратегиялық серіктес әрі одақтастар ретінде саналамыз. Бүгін біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-на және Ресейдің биылғы жылы ТМД-ға төрағалығын табысты атқаруын қамтамасыз ететін іс жүзіндегі қадамдар туралы келістік,- деді журналистерге арналған брифингте С.Лавров.       


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар