Жаңалықтар

3 қараша 2005
Мемлекет басшысы Сарыағаш-Жетісай автокөлік жолындағы «Оңтүстік қақпа» көпірінің құрылысымен танысты және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті.

52.jpg

53.jpg

Салынып жатқан көпірдің ұзындығы 115 метр, жүк көтеру қабілеті 40 тонна, жобалық құны 275 миллион теңгені құрайды. Аталған жоба Қазақстанның өңірдегі басқа елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

 

Елбасы Төле би ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жиналғандарды «Алтын күз» мерекесімен құттықтады.

 
Қазіргі кезде Сарыағаш ауданының дамуы еліміз сияқты жоғары деңгейде. Жеміс, көкөніс, ет және сүт өнімдерінің өндірісі артты, тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтік сала дамып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға соңғы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 540,4 миллион теңге, жеңілдетілген бағамен 10900 тонна жанар-жағар май бөлінді.

 

Президент аудан тұрғындарына еңбекте жаңа табыстарға қол жеткізіп, бейбітшілік пен гүлдене берулерін тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар