National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

2021 жылғы 12 қазан

Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар талқыланды.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібі, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы халықаралық күшті жұмылдыру мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапынан осы елге көрсетіліп отырған гуманитарлық көмек шаралары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы қауіпсіздік, жанжалдардың алдын алу және бейбітшілікті қолдау мәселелерін шешудің ұжымдық тәсілдерін пысықтау үшін Кеңестің жұмысын ілгерілетудегі Ресейдің  маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 23 қазан

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

2021 жылғы 26 қазан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 21 қазан

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің